Батыс Қазақстан облысындағы ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейі (рейтингі)

    2024–2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес, «102» арнасына келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар негізінде ойын-сауық орындарының қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.

    Осыған байланысты, «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті облыс аумағындағы ойын-сауық орындарынан келіп түсетін хабарламалар мен құқық бұзушылықтарға жан-жақты талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде бірқатар көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтардың жиі тіркелетіні анықталды.

    Талдау көрсеткендей 2026 жылдың қыркүйек айының қорытындысымен облыс бойынша қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 32,8% - ға (915-тен 718 -ге дейін) және көшелерде 13,2% - ға (399-дан 346 -ға дейін) төмендеуіне қол жеткізілді.

    Көңіл көтеру орындары бойынша талдау

    2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша 453 көңіл көтеру орындарынан 898 хабарлама түсті. Аталған деректер бойынша 66 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 35 ұрып-соғу, 22-ұрлық, 3-бұзақылық, 2-алаяқтық, 2-тонау, бір фактіден қорқытып алу және есірткі қылмысы.

    Ең көп хабарлама келесі көңіл көтеру орындарынан тіркелді: 42 - Шолохов көшесіндегі "The Bar" түнгі клубынан (22.00-06.00), 32 – Қонаев шағын ауданындағы "Скай" кафесінен (10.00-05.00), 20 – Назарбаев даңғылындағы "Белуга" кафесінен (12.00-03.00),19 - Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан "Девичья башня" кафесінен (11.00-02.00),15 – Гагарин көшесіндегі "Шок" кафесінен (12.00-00.00), 19 – Құрылысшы шағын ауданындағы "Номад" кафесінен (10.00-02.00), 17 – Тұнғыш Президент алаңындағы "Домбыра" мейрамханасынан (18.00-03.00),15 – Астана шағын ауданындағы "Kult" барынан (жұмыс уақыты сағат 19.00-ден 05.00-ге дейін), 21 – Некрасова көшесіндегі "Мынказан" кафесінен (11.00-04.00), 11 - Әбілқайыр хан даңғылындағы "Лас Вегас" түнгі клубынан (23.00-06.00),14 – Әбілқайыр хан даңғылындағы "Чечил Паб" түнгі клубынан (13.00-02.00),18 – Жунисова көшесіндегі "Пинта" түнгі клубынан (12.00-03.00), 10 – Құрылысшы шағын ауданындағы "Дублин" кафесінен (10.00-ден 02.00-ге дейін), 13 – Қонаев шағын ауданында "Монреаль" түнгі клубынан (13.00-05.00), 13 - Мұхит көшесіндегі "Махаббат" кафесінен (19.00-06.00), 13 – Аманжолов көшесіндегі "Острые козырьки" кафесінен (18.00-06.00), 12 – Мұхит көшесінде орналасқан "Али" кафесінен (11.00-04.00).

    Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын (құқық бұзушылық профилактикасы саласында) орындау мақсатында көңіл көтеру орындарының жұмыс істеу уақытын сағат 02.00-ге дейін(демалыс күндерін қоса) шектеуге және көңіл көтеру орындары иелеріне арнайы күзет қызметтерімен келісім шартқа отыруды міндеттеу қажет деп есептейміз.

    Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті көңіл көтеру орындарының иелері мен әкімшіліктерін құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге, бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, қажет болған жағдайда күзет қызметтерін тартуға және қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше назар аударуға шақырады.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары