
Азаматтардың қауіпсіздігі жолында күн сайын қызмет атқаратын құтқарушылар үшін сенімді әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау ТЖМ-нің негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.
Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралар аясында ШҚО ТЖД басшылығы екі өрт сөндіруші отбасына жөндеуден өткен қызметтік пәтерлердің кілттерін табыстады.
Өскемен қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отбасыларымен бірге жаңартылған пәтерлерге қоныстанды. Пәтерлер толық жөндеуден өткізіліп, заманауи жиһаздармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Тұрғын үйде жайлы өмір сүруге қажетті барлық жағдай жасалған.
Қызметкерлерге лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігіне де тікелей әсер етеді. Құтқарушы отбасының әл-ауқатына алаңдамай, өз кәсіби міндеттерін толық орындауға мүмкіндік алады.









