
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті.
Сессия Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовтың қатысуымен, облыстық мәслихат төрағасы М. Мұқаевтың төрағалығымен өтті.
Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен тиісті мекемелердің басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде өңір үшін маңызды үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, балалардың құқықтарын қорғау басқармасының есебі, облыстық Тексеру комиссиясының Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Орал қаласының бас жоспары мәселелері талқыланды. Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаламыздың алдағы даму бағытын айқындайтын бас жоспарға қатысты мәселелердің маңызы зор.
Әр мәселе бойынша ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, тиісті шешімдер қабылданды.
Өңірдің бүгінгі мәселесін шешу – ертеңгі дамудың негізі.









