Алакөлде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті

    Алакөлде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті

    Алакөлде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай З. Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты мерекелік концерт өтті.

    Шарада аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, аға буынның маңдай тері мен қажырлы еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтіп, қариялардың ақыл-кеңесі елдің рухани тірегі екенін жеткізді.

    Мерекелік кеште Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Алмат Тезекбайұлы Садиев және аудан жастары атынан Ақерке Асқатқызы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

    Мәдениет үйінің әншілері мен өнер иелері ән шырқап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ Балалар шығармашылық орталығының талантты оқушылары күй тартып, би билеп, қарияларды құттықтады.

    Қариясы бар ел – қазыналы ел. Аға буынға құрмет көрсету – ұрпаққа аманат.

    Құрметті қарияларымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алакөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары