
Қостанайда Қостанай облысы ТЖД-ның «Үздік бөлімше командирі» атағына арналған облыстық байқаудың екінші кезеңі өтті.
Байқауға бөлімше командирі лауазымында қызмет атқаратын 23 қызметкер қатысты. Қатысушылар кәсіби шеберлігін, дене дайындығын және әртүрлі жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша Қостанай қаласы ТЖ басқармасының №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ерманов Талғат Қалуатденұлына Қостанай облысы ТЖД-ның «Үздік бөлімше командирі» атағы берілді. Жеңімпаз грамота және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Мұндай байқаулар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға және бөлімшелердің өз міндеттерін орындауға жоғары деңгейде дайын болуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.









