Айдос Нұрлыбаев Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып тағайындалды

    Айдос Нұрлыбаев Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып тағайындалды

    Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметіне Айдос Нұрлыбаев тағайындалды. Ол 2026 жылы 29 қыркүйектен бастап қызметтік міндетін атқаруға кірісті.

    Айдос Нұрлыбаев 1973 жылы 28 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран» университетін және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-металлург, заңгер, сондай-ақ іскерлік әкімшілендіру саласы бойынша дәрежесі бар.

    Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, Алматы қаласының экологиялық инспекциясында, сондай-ақ Медеу ауданы әкімінің аппаратында қызмет атқарған.

    2013-2015 жылдары Медеу ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі кеңесші-үйлестірушісі болып жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінде түрлі қызметтер атқарды, ал 2017 жылғы мамырдан бастап осы бөлімді басқарды.

    2019 жылы 16 мамырдан 2026 жылы 28 қыркүйекке дейін Айдос Нұрлыбаев Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары