
Мұғалімдер күніне орай және Орал қаласының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Еңбек ері» атағының иегері Траисова Эльмара Асқарқызының қатысуымен жас педагогтерге арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас педагогтерге тәжірибелі ұстаздың кәсіби жолын таныстыру, педагогикалық қызметтің маңыздылығын насихаттау және жас мамандардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысында Эльмара Асқарқызының өнегелі еңбек жолы, педагогикалық қызметі, кәсіби жетістіктері және білім беру саласына қосқан елеулі үлесі туралы айтылды. Тәжірибелі ұстаз өз қызметінде қалыптасқан құндылықтарымен бөлісіп, педагог мамандығының жауапкершілігі мен қоғамдағы маңызына тоқталды.
Жас педагогтер ұстаздың мол тәжірибесінен тағылым алып, кәсіби шеберлікті арттыру, педагогикалық қызметте өз орнын қалыптастыру және білім алушылармен тиімді жұмыс жүргізу бағыттары бойынша құнды пікірлер тыңдады.
Кездесу барысында жас мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ұстазбен еркін пікір алмасты.
Тағылымды кездесу жас педагогтердің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға, педагогикалық қызметке деген жауапкершілігін арттыруға және тәжірибелі ұстаздың өнегелі жолынан үлгі алуға мүмкіндік берген мазмұнды іс-шара болды.






