
Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларын зерделеу кезінде Ақсай қаласындағы ғимараттардың бірінің қоршауына бір жас жігіттің заңсыз жазу жазып тұрғаны анықталды.
Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол БҚО Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Заңсыз жазу жойылды.
Осы ретте полиция заңсыз жазулар мен граффити салу жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.









