
Еңбек күні мен Мұғалімдер күні қарсаңында облыстың барлық колледждерінде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, еңбек адамына құрмет қалыптастыруға және студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған «Өндірістегі 10 күн» акциясы өтуде.
Акция болашақ мамандарға өндірістік ортамен, кәсіби шеберліктің маңызымен және жұмыс берушілердің талаптарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беруді көздейді. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, жауапкершілікті дамытуға және еңбекке саналы көзқарас қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Колледждер мен кәсіпорындардың өзара ынтымақтастығы жастардың кәсіби өсуіне, тәлімгерлермен тәжірибе алмасуына және өңірдің дамуындағы өзінің болашақ рөлін түсінуіне жол ашады.
Еңбекке құрмет оның құндылығын түсінуден, ал шеберлікке жол алғашқы тәжірибелік қадамдардан басталады!





