Қала әкімі Ернат Бәзіл «Бірлік» шағын ауданындағы №32 үй тұрғындарымен кездесті

    Қала әкімі Ернат Бәзіл «Бірлік» шағын ауданындағы №32 үй тұрғындарымен кездесті

    Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Бірлік» шағын ауданындағы №32 үйдің тұрғындарымен кездесті.

    Кездесу барысында тұрғындар көпқабатты тұрғын үйдің сапасына қатысты бірқатар мәселені көтерді. Атап айтқанда, үйдегі анықталған кемшіліктерді жою, балалар ойын алаңын жарықтандыру және қоршау, сондай-ақ ауланы көгалдандыру үшін қажетті мөлшерде қара топырақ төгу жөнінде өтініштер айтылды.

    Қала әкімі тұрғындардың әрбір мәселесін тыңдап, көпқабатты үйдегі анықталған кемшіліктер бойынша тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, оларды жоюды мердігер мекемеге міндеттеді.

    Сонымен қатар балалар ойын алаңын жарықтандыру және қоршау мәселесін келер жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында шешу жоспарланып отырғанын жеткізді.

    Кездесу қорытындысында Ернат Бәзіл тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, олардың орындалуы бақылауда болатынын айтты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары