
Петропавл қаласында өткен облыстық жарысқа СҚО ТЖД бөлімшелерінің атынан 18 құрама қатысты.
Чемпионатқа қатысушылар шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру және жауынгерлік қанат жаю кезеңдері бойынша сынға түсіп, өздерінің жоғары физикалық дайындығы мен тактикалық шеберліктерін көрсетті.
Жалпы командалық есепте І орынды Айыртау ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №7 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді. ІІ орын Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №11 өрт сөндіру бөлімінің командасына бұйырса, ІІІ орынды Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы алды.








