СҚО-да «Қауіпсіз автокөлік» профилактикалық акциясы өткізілді

    1 / 6

    Петропавл қаласында газбаллондық жабдықты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

    Солтүстік Қазақстан облысында республикалық өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясында «Қауіпсіз автокөлік» профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері СҚО ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторымен бірлесіп, автомобиль газ құю станцияларында және паркингтерде профилактикалық рейдтер өткізді.

    Іс-шара барысында газ құю станцияларының қызметкерлері мен автокөлік иелеріне тұрмыстық газ баллондарын автомобиль газ құю станцияларында толтыруға жол берілмейтіні туралы нұсқамалар берілді. Сонымен қатар паркингтері бар тұрғын, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында қатысушыларға газбаллондық жабдықпен жарақтандырылған көлік құралдарының паркингтерге кіруіне тыйым салатын заңнама талаптары түсіндірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары