Жамбыл облысы тұрғынынан 140 келі қарасора есірткі заты тәркіленді

    Жамбыл облысы тұрғынынан 140 келі қарасора есірткі заты тәркіленді

    Жамбыл облысы тұрғынынан 140 келі қарасора есірткі заты тәркіленді

    Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Жамбыл ауданы, Гродеково ауылында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50 жастағы ер адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді.

    Үй іргесіндегі жүгері алқабынан 14 түп қарасора өсімдігі анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 140 келіні құрады.

    Құрамында есірткі заттары бар, егіп-өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру демеші бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары