Жамбылда жасөспірімдердің түнгі серуені ата-аналарына жауапкершілік жүктеді

    Жамбылда жасөспірімдердің түнгі серуені ата-аналарына жауапкершілік жүктеді

    Түнгі сағат екі шамасында Тараз қаласындағы көшелердің бірінде полиция қызметкерлері екі жасөспірім мінген скутерді байқап, тоқтатты. Жасөспірімдер қорғаныш дулығасын кимей, жылдамдықты асыра отырып, жол қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын елемеген.

    Тексеру барысында екі жасөспірімнің де 2010 жылы туғаны анықталды.

    Оқиға орнына тез арада ата-аналары шақырылды. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны және бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер тиісті жүргізуші куәлігінсіз, қажетті дағдыларсыз және қауіпсіздік талаптарын сақтамай көлік құралын басқару адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін түсіндірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары