Тараздық тұрғынның TikTok-тағы тікелей эфирі 30 тәулік қамақпен аяқталды
Тікелей эфирде тіл тигізіп, балағат сөздер айтқан тараздық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ер адам қоғамдық орында отырып, TikTok әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шыққан. Эфир барысында дөрекі сөздер айтып, көрермендерге тіл тигізген.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Әлеуметтік желідегі тікелей эфир қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын бұзуға негіз бола алмайды. Желі қолданушыларын әрбір сөзі мен әрекетіне жауапты болуға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









