ТӨЛЕБИ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ТӨЛЕБИ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    🇰🇿 Төлеби аудандық мәслихатының кезекті сессиясында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланды. Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді таныстырды.
    Жиын басталар алдында сессияға қатысушылар Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті. Аудан әкімі қайғылы оқиғаға байланысты қаза болғандардың жақындары мен қазақ халқына көңіл айтты.
    ✅ Аудан әкімі өз есебінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, экономиканы дамыту және қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану бағыттарына тоқталды.
    ✅ Еркеғали Амантайұлы ауданның одан әрі өркендеуі жүйелі әрі бірлескен жұмысты қажет ететінін атап өтіп, депутаттарды ел игілігі жолында бірге еңбек етуге шақырды. Әсіресе, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, жаңа инвесторлар тартуға және сол арқылы бюджет кірісін арттыруға басымдық берудің маңыздылығын жеткізді.
    📌 «Ауданның әлеуетін арттыру үшін инвестициялық жобаларды көбейтіп, жаңа инвесторлар тартуымыз қажет. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті дамытуға және аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді аудан әкімі.
    ✅ Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды бағыттарды талқылады.
    Атап айтқанда, аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру, Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының Ережесін бекіту жөніндегі ұсыныстар қаралды.
    ✅ Сонымен қатар Төлеби ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер енгізу, аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамдарын және аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту мәселелері қаралды.
    ✅ Күн тәртібіндегі маңызды бағыттардың бірі – Алатау ауылдық округіне қарасты Алатау, Біркөлік, Екпінді, Жаңа тұрмыс, Қайнар, Қорған, Қосағаш, Нысанбек, Шатыртөбе, Шұбарағаш елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу болды.
    ✅ Күн тәртібіндегі ұсыныстар бойынша депутаттар пікір алмасып, тиісті шешімдер қабылдады.
    ✅ Жиын қорытындысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жандандыру, инвестициялық әлеуетін арттыру және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары