
Жанама ауылдық округінде NEET санатындағы жастарды қолдау және оларды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық акция өткізілді.
Іс-шара барысында жастарға еңбек нарығына араласуға, кәсіби білім алуға және кәсіп бастауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.
Атап айтқанда, жастарға:
- «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері;
- 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы жеке кәсіп бастау жолдары;
- сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіптік оқудан өту мүмкіндіктері таныстырылды.
Мемлекеттік бағдарламалар – жастардың жұмыспен қамтылуына, кәсіби біліктілігін арттыруына және өз кәсібін бастауына нақты мүмкіндік береді.
Жастарды берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өз болашағына сеніммен қадам жасауға шақырамыз!









