НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

    2026 жылғы 27 қыркүйекте сағат 13:14-те Ақтау қаласындағы 17-бекет – ХГМЗ аумағында жүк көлігі қозғалыс кезінде теміржол жолының конструкциялық элементтеріне тиіп кеткен. Соның салдарынан құрылыстың жекелеген элементтері зақымданды. Зардап шеккендер жоқ.

    Осыған байланысты жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жол учаскесінде автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

    Жол қозғалысына қатысушыларға енгізілген шектеуді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

    Ақтау қаласына кіретін автокөліктерге Батыр ауылы арқылы Құрық бағытына қарай жүретін маршрутты пайдалану ұсынылады.

    Ақтау қаласынан шығатын автокөліктерге Маңғыстау және Қызылтөбе елді мекендері арқылы өтетін маршрутты пайдалану ұсынылады.

    Қазіргі уақытта оқиғаның салдарын жою және зақымданған элементтерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаны техникалық тексеруден өткізіліп, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгеннен кейін жол қозғалысын қайта бастау мәселесі қаралатын болады.

    Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, балама бағыттарды пайдалануды және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

    Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары