
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Бірінші кезекте жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, улы газдан уланудың алдын алу және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының барысы бойынша аудандық газ инспекциясының атқарған жұмыстары талқыланды.
Келесі мәселе Мемлекет басшысысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауданда атқарылып жатқан шаралар баяндалды.
Жиын барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді және атқарылған жұмыстардың нәтижесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі








