
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Ясауи мұрасы – мәңгілік қазына» атты танымдық сағат өтті.
Шараға Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен №27 орта мектеп – гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Аяжан Мұқсипаның қатысуымен өтті.
Шараның мақсаты Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы туралы білім қалыптастыру, оның рухани мұрасының қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетіндегі орнын таныту, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу болып табылды.
Шара барысында қатысушыларға Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы, шығармашылығы және рухани-адамгершілік ілімі туралы кең көлемде ақпарат берілді. Ясауидің түркі халықтарының рухани мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы айтылып, оның әлемге кеңінен танымал «Диуани хикмет» еңбегінің мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталды.
Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, шараның қорытынды бөлімінде «Ясауи өмірі мен ілімін қаншалықты білеміз?» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, ғұламаның өмірі, шығармашылығы, «Диуани хикмет» еңбегі және оның іліміндегі адамгершілік құндылықтарға байланысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.









