«Менің стилім – ұлттық нақыш» сән көрсетілімі

    9 қыркүйек – Бүкіләлемдік сұлулық күніне орай «Менің стилім – ұлттық нақыш» атты сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

    Шара барысында мәдениет қызметкерлері қазақ халқының ұлттық киімдерін заманауи үлгіде үйлестіріп, көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық нақыштағы әсем киімдер арқылы халқымыздың салт-дәстүрі, мәдениеті мен рухани құндылықтары дәріптелді.

    Сән көрсетілімінде әр киімнің өзіндік ерекшелігі, ұлттық ою-өрнектері мен көркемдік мәні таныстырылып, қазақтың ұлттық киімдерінің жарасымды әрі сәнді екені көрсетілді.

    Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық киімге деген қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және сұлулық пен әсемдіктің қазақы болмысын дәріптеу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары