
Қашықтық шақырымда емес, уақытпен өлшенетін жағдайлар бар. Сол кезде ТЖМ авиациясы көмекке келеді.
ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағының экипажы 1959 жылы туған ер адамды шұғыл тасымалдау үшін Өскемен-Үлкен Нарын-Өскемен бағыты бойынша санитарлық – авиациялық ұшуды орындады.
Штурвалда ұшқыштар Сергей Пинигин, Шыңғыс Есімханов және Айдар Мамырханов жұмыс істеді. Экипаж үшін мұндай ұшу тек картадағы маршрут емес, бұл нақты есептеу, ұшудың әр кезеңін бақылау, қиын жағдайларда жұмыс істеуге дайын болу және ең бастысы — борттағы пациент үшін жауапкершілікті түсіну.
Ұшу барысында, науқастың жағдайын медициналық бригада-реаниматолог-дәрігер Айгүл Құдербаева мен фельдшер Татьяна Сергеева бақылап отырды.
Ұшу сәтті өтті, науқас облыс орталығының медициналық мекемесіне жеткізілді.









