
Облыс аудандарында ТЖД бөлімшелерінің басым міндеттері айқындалды.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрғалиев Марат Дусанғалиевич жұмыс сапары аясында Қамысты, Жітіқара және Денисов аудандарына барды.
Әр ауданда бөлімшелердің жеке құрамының қатысуымен қызметтік кеңестер өткізілді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындылары, қойылған міндеттердің орындалуы және алдағы қызметтің негізгі бағыттары туралы баяндады.
Бөлімшелердің төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығы, өрттердің алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жітіқара және Денисов аудандарында сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» — «Приречное» және «Приреченка» тірек пункттеріне бару ұйымдастырылды. Департамент бастығының орынбасары ауылдық құтқарушылардың қызмет атқару жағдайымен, материалдық-техникалық жарақталуымен және төтенше жағдайларға ден қою әзірлігімен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бөлімшелердің қызметтік жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.









