
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай және Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садық Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапарының бағдарламасы аясында:
🔹Ойыл ауданының әкімімен кездесу өткізіліп, аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды;
🔹«Жастармен бірге – жаңа мүмкіндіктерге» тақырыбында ауданның белсенді жастарымен кездесу ұйымдастырылып, жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды;
🔹 Ойыл аграрлық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттермен кездесу өткізілді.
Сапар барысында аудан жастарының бастамаларын қолдау, олардың әлеуетін арттыру және жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында пікір алмасылды.
Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, алдағы міндеттер мен бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.







