БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: САНАЛЫ ТАҢДАУ, СӘТТІ ҚАДАМ!

    1 / 2

    Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұршашқан Ғаниқызы мен облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Орысбайұлы бастаған делегация жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды. Сапар аясында облыстан келген қонақтарды аудан әкімі Дархан Ермағанбетов арнайы қабылдады.

    Делегация аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Асқарұлымен және Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Айдана Әбдіғалиқызымен бірге орталықтың тыныс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

    📌 №6 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында «Болашаққа бағдар: саналы таңдау, сәтті қадам» тақырыбында ашық форматтағы кездесу өтті. Іс-шараға аудан жастары, мектеп оқушылары, колледж студенттері мен жас мамандар қатысты.

    Кездесу барысында жастардың өзекті мәселелері, білім алу, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары және жастарға арналған мүмкіндіктер кеңінен талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" жаңалықтары