Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

    Басқарма туралы

    «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе облысы аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.Мекеменің миссиясы облыста жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау, жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіншіліктерін дамыту, жастар арасында азаматтық-құқықтық, мәдени адамгершілік тәрбие беру және салауатты өмір салтының берік машықтарын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

    Мекеменің негізгі міндеттері:

    1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

    2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

    3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

    4) Ақтөбе облысы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

    5) мәдениет және дін диалогының жаңа нысандарын іздеу жолы арқылы жастар саясаты саласында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді одан әрі нығайту;

    6) жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;

    7) жастар арасында салауатты өмір салтына берік дағдысын қалыптастыру, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу;

    8) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық - насихаттау және түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

    9) жастар саясаты саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметіне жәрдемдесу;

    10) жастар ұйымдарымен, партиялардың жастар қанаттарымен және этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылын жүзеге асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жастар бос уақытын тиімді өткізу үшін қаламызда қандай орындар бар?

    Жауап

    Қаламызда жастар бос уақытын тиімді өткізіп, өзара тәжірибе алмаса алатын бірнеше коворкинг орталығы бар.Олар Қалалық Жастар ресурстық орталығында,Қ.Жұбанов университетінде,С. Жиенбаев атындағы кітапханасында, «Қоғамдық келісім» КММ-де,IT Hub –та коворкинг орталықтары бар.

    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы ауылға қалай жұмысқа тұруға болады.

    Жауап

    Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады: • 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы; * тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді. Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт - ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.

    Сұрақ

    Мен студентпін, жазғы уақытта уақытша жұмыс жасап, қаражат тапқым келеді. Жастарға қандай жұмыс бар?

    Жауап

    Жазғы мезгілде «Жасыл ел» жобасы арқылы уақытша жұмысқа тұруға болады. Жалақысы 160-180 мың теңге көлемінде. Ақтөбе қаласы Әйтеке би көшесі 39 ғимаратында «Жасыл ел» штабы орналасқан.

    Сұрақ

    Мен жұмыс жасаймын, отбасылымын. Бірақ жеке үйім жоқ. Сіздің басқарма арқылы жас мамандараға тұрғын үймен көмек бола ма?

    Жауап

    Ақтөбе облысының жастары мен жас отбасыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы 42 жас, 2024 жылы 67 жас баспаналы болды. Жалпы 2023-2024 жылдары «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау бағытында оң нәтижесін көрсетті. Осыған байланысты, 2025 «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы III кезеңін жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, қаржылық – экономикалық негіздемеге ведомстводан тыс сараптама жүргізу сатысында.

    Сұрақ

    Жастарды қолдауға арналған қандай гранттар бар?

    Жауап

    «Білім және ғылым», «мәдениет және өнер», «бизнес және кәсіп», «медиа», «ақпараттық технологиялар» және «волонтерлік» салаларындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылады. Жоба арқылы 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде 10 қайтарымсыз грант беріледі (2025 жылға 30 млн.тг. қарастырылды).

    Есеп

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылау (2026 жылғы қыркүйек)

    2026 жылғы қыркүйек айындағы нақтылау Бюджеттік бағдарлама Атауы Жоспарланатын кезең, мың теңге 2026 жыл Барлық шығыстар 3 348,0 Жиыны: 3 348,0 283 001 015 «Жергілікті деңгейде жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер», «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 3 348,0

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың 1 қыркүйегіне бюджеттің атқарылу есебі

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    01.08.202 жағдай бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есеп Әкімші Бюд.бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік Атауы Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жылға арналған қаржыландыру жоспары Жыл басынан бергі қаржыландыру жоспары Жыл басынан бері қабылданған міндеттемелер сомасы Төленген міндеттемелер Төленбеген міндеттемелер Төленбеген міндеттемелер Жоспардан қалған қаражат міндеттемелер бойынша төлемдер бойынша жыл басынан бері ағымдағы айға міндеттемелер бойынша төлемдер бойынша 1 2 3 4 5 6 7 8 9=6-7 10 11=4-6 12=5-7 283 Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы 704 034,00 704 034,00 509 298,00 659 460,09 502 849,63 92 122,94 156 610,46 0,00 44 573,91 6 448,37 1 Жергілікті деңгейде жастар саясатын іске асыру бойынша қызметтер 593 480,00 593 480,00 428 871,00 573 316,03 428 721,84 82 721,13 144 594,18 0,00 20 163,97 149,16 15 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 593 480,00 593 480,00 428 871,00 573 316,03 428 721,84 82 721,13 144 594,18 0,00 20 163,97 149,16 111 Еңбекақы төлеу 27 030,00 27 030,00 21 325,00 21 325,00 21 325,00 2 468,53 0,00 0,00 5 705,00 0,00 112 Қосымша ақшалай төлемдер 17 458,00 17 458,00 17 458,00 17 457,72 17 457,72 0,00 0,00 0,00 0,28 0,28 113 Өтемақы төлемдері 5 413,00 5 413,00 4 778,00 4 778,00 4 778,00 1 216,90 0,00 0,00 635,00 0,00 116 Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары 1 533,00 1 533,00 1 203,00 1 203,00 1 203,00 85,00 0,00 0,00 330,00 0,00 121 Әлеуметтік салық 2 932,50 2 932,50 2 224,50 2 224,50 2 224,50 150,00 0,00 0,00 708,00 0,00 122 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 1 957,10 1 957,10 1 357,10 1 357,10 1 357,10 115,00 0,00 0,00 600,00 0,00 123 Міндетті сақтандыру бойынша жарналар 30,00 30,00 30,00 29,80 29,80 0,00 0,00 0,00 0,20 0,20 124 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар 1 519,00 1 519,00 1 156,00 1 156,00 1 156,00 80,00 0,00 0,00 363,00 0,00 131 Техникалық персонал мен келісімшарт бойынша қызметкерлердің еңбекақысы 3 150,30 3 150,30 1 705,30 1 704,97 1 704,97 283,67 0,00 0,00 1 445,33 0,33 135 Техникалық персонал мен келісімшарт бойынша қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің жарналары 403,00 403,00 248,00 247,11 247,11 35,11 0,00 0,00 155,89 0,89 136 Техникалық персонал мен келісімшарт бойынша қызметкерлердің ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік жол жүрулері 574,00 574,00 70,00 69,20 69,20 69,20 0,00 0,00 504,80 0,80 144 Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу 591,00 591,00 591,00 590,16 590,16 0,00 0,00 0,00 0,84

    Жарияланды:
    Жоба

    2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобасы

    Баспасөз релизі 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобасына Әкімшінің атауы: 283 - "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" ММ Бюджеттік бағдарламаның атауы: 001 015 "Жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер". Жобаның негізгі мақсаты: Үш жылдық жоспарлы кезеңге мемлекеттік жастар саясатының мақсаттарына қол жеткізу үшін жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ тиісті мекеменің толыққанды қызметін қамтамасыз ету. 2027- 2029жылдарғаарналған негізгі көрсеткіштер: Басқару аппаратын ұстау: Аппараттың қызметін қамтамасыз етуге: 2027 жылға - 54 430 мың теңге, 2028 жылға - 54 650,0 мың теңге, 2029 жылға - 54 908 мың теңге қарастырылған. Бұл қаражат 7 мемлекеттік қызметші мен 2 штаттан тыс қызметкерді ұстауға бағытталған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: 2027-2029 жылдарға әлеуметтік жобаларды іске асыруға 496 200 мың теңге бөлінді. Осы қаражат шеңберінде 5 әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар жастар бастамаларын қолдауға, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға және әлеуметтендіруге бағытталған. Баспасөз релизі 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобасына Әкімшінің атауы: 283 - "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" ММ Бюджеттік бағдарламаның атауы: 005 015 "Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру". Жобаның негізгі мақсаты:Үш жылдық жоспарлы кезеңге Жастар ресурстық орталығының қызметін толыққанды қамтамасыз ету арқылы жергілікті деңгейде жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру. 2027-2029жылдарғаарналған негізгі көрсеткіштер: Жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз ету: Ресурстық орталықтың қызметін қамтамасыз етуге: 2027 жылға - 90 705.0 мың теңге, 2028 жылға - 93 914.0 мың теңге, 2029 жылға - 93 773.0 мың теңге қарастырылған. Бұл қаражат орталықтың 14 штат бірлігі қызметкерлерін ұстауға бағытталған. Қызметі және түпкілікті нәтиже: Бекітілген бюджет шеңберінде жастарға арналған 6 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен акциялар өткізу жоспарланған. 2027-2029 жылдары тұрақты көрсеткішті - жыл сайын 6 іс-шарадан ұстап тұру жоспарлануда.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тәуелсіздік ұрпақтары

    Жарияланды:
    Есеп

    2026-2028 жж. бюджетінің нақтылануы (шілде 2026 жыл)

    2026 жылғы шілде айындағы нақтылау Бюджеттік бағдарлама Атауы Жоспарланатын кезең, мың теңге 2026 жыл Барлық шығыстар 3 295,0 Жиыны: 3 295,0 283 001 015 «Жергілікті деңгейде жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер», «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 5 645,0 283 003 015 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыны», «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» -2 350,0

    Жарияланды: