Мен студентпін, жазғы уақытта уақытша жұмыс жасап, қаражат тапқым келеді. Жастарға қандай жұмыс бар?
Жазғы мезгілде «Жасыл ел» жобасы арқылы уақытша жұмысқа тұруға болады. Жалақысы 160-180 мың теңге көлемінде. Ақтөбе қаласы Әйтеке би көшесі 39 ғимаратында «Жасыл ел» штабы орналасқан.