Жастарды қолдауға арналған қандай гранттар бар?
«Білім және ғылым», «мәдениет және өнер», «бизнес және кәсіп», «медиа», «ақпараттық технологиялар» және «волонтерлік» салаларындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылады. Жоба арқылы 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде 10 қайтарымсыз грант беріледі (2025 жылға 30 млн.тг. қарастырылды).