Мен жұмыс жасаймын, отбасылымын. Бірақ жеке үйім жоқ. Сіздің басқарма арқылы жас мамандараға тұрғын үймен көмек бола ма?
Ақтөбе облысының жастары мен жас отбасыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы 42 жас, 2024 жылы 67 жас баспаналы болды.
Жалпы 2023-2024 жылдары «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау бағытында оң нәтижесін көрсетті.
Осыған байланысты, 2025 «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы III кезеңін жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, қаржылық – экономикалық негіздемеге ведомстводан тыс сараптама жүргізу сатысында.