Сұрақтар мен жауаптар — Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

    Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Жастар бос уақытын тиімді өткізу үшін қаламызда қандай орындар бар?

    Жауап

    Қаламызда жастар бос уақытын тиімді өткізіп, өзара тәжірибе алмаса алатын бірнеше коворкинг орталығы бар.Олар Қалалық Жастар ресурстық орталығында,Қ.Жұбанов университетінде,С. Жиенбаев атындағы кітапханасында, «Қоғамдық келісім» КММ-де,IT Hub –та коворкинг орталықтары бар.

    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы ауылға қалай жұмысқа тұруға болады.

    Жауап

    Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйке...

    Сұрақ

    Мен студентпін, жазғы уақытта уақытша жұмыс жасап, қаражат тапқым келеді. Жастарға қандай жұмыс бар?

    Жауап

    Жазғы мезгілде «Жасыл ел» жобасы арқылы уақытша жұмысқа тұруға болады. Жалақысы 160-180 мың теңге көлемінде. Ақтөбе қаласы Әйтеке би көшесі 39 ғимаратында «Жасыл ел» штабы орналасқан.

    Сұрақ

    Мен жұмыс жасаймын, отбасылымын. Бірақ жеке үйім жоқ. Сіздің басқарма арқылы жас мамандараға тұрғын үймен көмек бола ма?

    Жауап

    Ақтөбе облысының жастары мен жас отбасыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы 42 жас, 2024 жылы 67 жас баспаналы болды. Жалпы 2023-2024 жылдары «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарл...

    Сұрақ

    Жастарды қолдауға арналған қандай гранттар бар?

    Жауап

    «Білім және ғылым», «мәдениет және өнер», «бизнес және кәсіп», «медиа», «ақпараттық технологиялар» және «волонтерлік» салаларындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылады. Жоба арқылы 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде 10 қайта...