Жастар саясатының басқарма басшысы Алға ауданында болды

    Басқарма басшысы Н. Ізбасарова Алға ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты.

    Сапар барысында жаңадан ашылған №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебін, жаңғыртудан өткен аудандық мәдениет үйін және оның ғимаратында орналасқан Жастар ресурстық орталығын аралады.

    Сонымен қатар ауданның 40 белсенді жасымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Кездесу барысында жастарды қолдау, жұмыспен қамту, ауыл жастарының әлеуетін арттыру және жастар бастамаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Жұмыс сапары аясында жастармен ашық пікір алмасып, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" жаңалықтары