
Қостанай облысы ТЖД-да іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде карталармен жұмыс істеу мәселелері бойынша бейнеконференция өткізілді.
Іс-шараға Департаменттің ӨСБ және ОЧС қызметкерлері қатысты.
Сабақ барысында карталарды дайындау және пайдалану, нысандардың орналасқан жерін анықтау, қозғалыс бағыттарын жоспарлау және жергілікті жерде бағдарлау мәселелері қаралды.
Әртүрлі жағдайларда іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде картографиялық ақпаратты қолдануға ерекше назар аударылды.
Бейнеконференция қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық дағдыларын жетілдіріп, картографиялық материалдармен жұмыс тәжірибелерімен алмасты.









