
Қоғамдық Кеңес отырысы өтті
2026 жылдың 22 қыркүйек айында, сағат 15:00-де Жарма ауданы әкімдігі ғимаратының Кіші залында, Жарма аудандық мәслихат төрағасы М.Оспанбаевтың қатысуымен Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында:«Шар қаласы, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің 2025 жылғы төртінші деңгейлі бюджет қаражатының игерілуі мен бағыты туралы, абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, тұрғын үйлердің қасбеттерінің сыртқы безендірілуі туралы» ауданның аумақтық бірлік әкімдерініңбаяндамасы тыңдалды.
.Жарма ауданының білім бөлімінің басшысы – Д.Т. Ағзамовтың « Мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы» баяндамасы тыңдалды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойыншаДепартаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсетубасқармасының бас маманыМаржан Бериковнаның – «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істеріагенттігінің Абай облысы бойыншадепартаментінің2026 жылы 1 жартыжылдығыныңқорытындысы туралы» баяндамасыZoom платформасы арқылытыңдалды.
Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау барысында Кеңес мүшелерімен көтерілген мәселелер жөнінде мекеме басшыларына ескертулер мен ұсыныстар ұсынылды. Ауданның елді мекендеріндегі өзекті мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.






