
Жарма аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші(XХХVII) сессиясы өтті
Жарма аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші (XХХVII) сессиясы 2026 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 12:00-де Жарма ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:
1. Жарма ауданындағы білім беру мекемелерінің 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындығы және ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы.
2. Жарма ауданында эпизоотиялық және энзоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы.
3. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын үй коммуналды-шаруашылық нысандарының дайындық барысы туралы.
4. Аудандық және елді мекен ішіндегі автомобиль жолдарының жай-күйі туралы.
5. Әртүрлі мәселелер.
Күн тәртібі негізіндегі мәселелер ішінара қаралып тиісті шешімдер қабылданды.






