Хабарландыру!
Қоғамдық Кеңес отырысы
2026 жылдың қыркүйек айының 22 күні, сағат 15:00-де Жарма ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимаратының Кіші залында, Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтетіндігі жөнінде хабарлаймыз.
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қарастырылады:
- Шар қаласы, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің 2025 жылғы төртінші деңгейлі бюджет қаражатының игерілуі мен бағыты туралы, абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, тұрғын үйлердің қасбеттерінің сыртқы безендірілуі туралы.
- Жарма ауданында әлеуметтік маңызы бар обьектілердің қысқы жылыту маусымына дайындығы туралы.
- Жарма ауданында автокөлік жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру туралы.
- Мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің 2026 жылы 1 жартыжылдығының қорытындысы туралы .
- Қоғамдық кеңеске тұрғындардан түскен арыздар мен ұсыныстарды қарау.






