Астанада «Ашық есік күні» өтті

    Астанада «Ашық есік күні» өтті

    Есіл ауданының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде балаларға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

    Іс-шараға «Toddler» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Қонақтарға өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі, өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтары таныстырылды.

    Қызметкерлер балаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, өрт шыққан жағдайда:

    сабыр сақтау; қауіпті аймақтан тез арада шығу; түтін кезінде еңкейіп қозғалу; лифтіні пайдаланбау; 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажеттігін түсіндірді.

    Сондай-ақ балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

    Қауіпсіздік ережесін сақтау – өз өміріңді және жақындарыңның өмірін қорғау!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары