
Шахматтан Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Олимпиаданың жетінші туры көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Себебі, қатарынан 6 жеңіске жеткен Қазақстан мен Қытай құрамалары өзара кездесті.
Еліміздің атынан 16 жастағы Елназ Қалиахмет бесінші жеңісіне қол жеткізсе, үшінші үстелде ойнаған Меруерт Камалиденова қарсыласына есе жіберді. Ал Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман өз партияларында жеңімпазды анықтай алмады. Қорытынды есеп - 2:2.
Әйелдер. 189 команда
1️⃣🇨🇳 Қытай – 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең ойын)
2️⃣🇰🇿 Қазақстан – 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең ойын)
🇰🇿 Қазақстан 🆚🇨🇳Қытай – 2:2
↔️ Бибісара Асаубаева – Чжу Цзиньэр
↔️ Алуа Нұрман – Сонг Юсинь
❌ Меруерт Камалиденова – Мяойи Лу
✅ Елназ Қалиахмет – Ян Тяньци
Ерлер арасында Қазақстан құрамасы Сербияға төтеп бере алмады. Қарсылас құрамында 2023 жылы Ресейден ауысып барған Алексей Сарана мен Александр Предке де өнер көрсетті.
Open. 205 команда
🇰🇿 Қазақстан 🆚 🇷🇸 Сербия – 0,5:3,5
❌ Денис Махнёв – Алексей Сарана
❌ Сауат Нұрғалиев – Александр Инджич
❌ Даниал Сапенов – Александр Предке
↔️Алдияр Аңсат – Велимир Ивич
Ертең 8-тур ойындары өтеді.
11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.
📍Samarkand🇺🇿
🗓️16-27 September





