Абай облысында 34 жастағы жүргізуші мас күйде көлік басқарған

    Абай облысында 34 жастағы жүргізуші мас күйде көлік басқарған

    Абай облысында полицейлер жол қауіпсіздігіне қатер төндірген жүргізушінің жолын кесті.

    Оқиға түнгі сағат 03:45 шамасында Шығыс кентінде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында күдік тудырған Toyota Carina автокөлігін байқап, оны жедел түрде тоқтатты.

    Жүргізушімен әңгімелесу барысында полицейлер оның жүріс-тұрысынан масаңдық белгілерін байқап, медициналық куәландырудан өткізді. Сараптама нәтижесінде 34 жастағы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені және жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.

    Кез-келген уақытта көлік тізгініне мас күйде отыру — тек жүргізушінің өз өміріне емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына тікелей қауіп төндіретін жауапсыз әрекет. Бір сәттік немқұрайлылықтың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

    Жолдағы қауіпсіздік — әр адамның жауапкершілігінен басталады. Көлік жүргізушілерін алкоголь ішкеннен кейін рөлге отырмауға, өз өмірі мен өзгенің өмірін қатерге тікпеуге шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары