Қарағандылық жұп спорттық акробатикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

    Қарағандылық жұп спорттық акробатикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

    Италияның Пезаро қаласында спорттық акробатикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жарыста әлемнің 30 елінен келген 200-ден астам спортшы бақ сынады. Жүлдегерлер қатарында Қарағандының өкілдері Жеңіс Диас пен Дилара Байбақұшева да бар. Олар халықаралық жарыстың күміс жүлдесін иеленді.

    Қарағандылық жұп спорттық акробатикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

    2013 жылы туған Дилара Байбақұшева – №48 мектептің оқушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасында Қазақстан және Азия чемпионы. Оның серіктесі, 2009 жылы туған Жеңіс Диас – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті. Спортшылар жұптық бағдарламада өнер көрсетіп, бұған дейін де ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда елеулі жетістіктерге қол жеткізген.

    Дилара мен Жеңіс жастар арасында Қазақстан және Азия чемпионы атағын жұптық сайыста жеңіп алған. Ал бүгінгі күнге дейінгі басты жетістіктерінің бірі – Пезарода өткен әлем чемпионатындағы нәтижесі. Қарағандылық жұп бұл додада тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

    Спортшыларды алда тағы бір маңызды дода күтіп тұр. Жеңіс Диас пен Дилара Байбақұшева Жапонияның Нагоя қаласына Азия ойындары аясындағы спорттық акробатикадан көрсетілімдік өнер көрсетуге шақырту алды. Бұл қойылым аталған спорт түрінің мүмкіндіктері мен көрерменге тартымдылығын таныстыруға бағытталған. Іс-шара спорттық акробатиканы алдағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу мүмкіндігін талқылау аясында ұйымдастырылмақ.

    Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары