Құтырудың алдын алудың негізгі шаралары

    Құтырудың алдын алудың негізгі шаралары

    2026 жылдың 21 -30 қазанда Павлодар облысының аумағында "Құтырудан сақ болыңыз!" акциясы өткізіледі.

    28 қыркүйек - Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күні.Құтырма - адамның және жануардың өлімге алып келетін аса қауіпті инфекциялық ауруы.

    Адам:
    жануарлардың терісінен, сілемейлі қабығынан бөлінетін сілекей жұққан немесе жабайы және үй жануарлары, сондай-ақ жарғанаттар тістеген кезде жұқтыруы мүмкін.

    Құтырма ауруының белгілері:
    дене қызуының көтерілуі, шаршау, ұйқысыздық, алаңдаушылық, тістеген жерді ауыруы, шуды, жарықты жақтырмау, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы, судан қорқу, сандырақтау, қорқу сезімі, галюцинация, ауаның желпуінен қорқу, сілекейдің көп бөлінуі, тыныс алу бұлшықеттерінің нашарлауы және параличі.

    Алдын алудың негізгі шаралары:
    -үй жануарларын құтырма ауруына қарсы егіңіз, жануардың әдеттен тыс мінез-күйі анықталған жағдайда ветеринариялық маманға хабарлаңыз;
    -жануар (көбінесе ит) тістеген жағдайда бірінші кезекте тістеген және сілекей жұққан жерді сабынмен көбірек көпіртіп мол сумен жуыңыз;
    -зардап шеккен адамды құтқарудың бірден бір жолы уақытылы екпе жасау болғандықтан, медициналық мекемеге дереу жүгініңіз.

    Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Железин ауданының әкімдігі" жаңалықтары