Зейнетақы жинақтарын қалай мұраға қалдыруға болады? Мұндай өсиетті қайда және қалай рәсімдеуге болады?

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабының 4-тармағына, 221-бабының 3-тармағына және 223-бабының 2-тармағына сәйкес БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл өсиет бойынша мұрагерлік болуы мүмкін, онда отбасы мүшесі емес адамдар да көрсетілуі мүмкін. Егер өсиетхат жасалмаған болса, онда зейнетақы жинақтарын мұра ету отбасы мүшелері арасында қайтыс болған адамның кез келген басқа мүлкіне қатысты ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жақын туыстары (әйелі/күйеуі, балалары, ата-аналары) «заң бойынша бірінші кезектегі мұрагерлер» деп аталады.Бірінші кезектегі мұрагерлер болмаған жағдайда одан әрі кезектілік азаматтық заңнамада белгіленген. Мұра - ашылған кезде мұра қалдырушыға тиесілі, оның қайтыс болуынатоқтатылмайтын және мұрагерлерге ауысатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер.Мүлiктiк құқықтардың құрамына қайтыс болған адамға тиесiлi меншiк, кредиттегі жинақтарға, авторлық қаламақы алуға иелік ету құқығы, шаруашылық серiктестiктерiндегі үлес алу құқығы кiредi. Өсиет бойынша мұрагерлік кезінде мұрагерлікке шақырылатын адам өзінің өсиетінде мұра қалдырушыны айқындайды. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.Өсиет оның жасалған жерi, күні және уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс. Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.Мұрагерлік- азамат қайтыс болғаннан кейін оған жеке меншік құқығымен тиесілі мүліктің, сондай-ақ мүліктік және кейбір жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің бір немесе бірнеше адамға ауысуы.Осыған байланысты, өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлікті рәсімдеу мәселесі бойынша нотариусқа жүгінуге кеңес береміз. Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне қатысты толық ақпаратпен Сіз БЖЗҚ-ның корпоративтік веб-сайтынан мына мекенжай бойынша таныса аласыз:https://www.enpf.kz/ru/services/vyplaty/57497/.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Железин ауданының әкімдігі" жаңалықтары