Су қауіпсіздігі туралы

    Әлемдегі барлық аурулардың 80% -ы ауыз судың қанағаттанарлықсыз сапасына және сумен жабдықтаудың санитарлық-гигиеналық нормаларын бұзуына байланысты екенін ДДҰ сарапшыларымен анықталды.

    Егер ауыз суда жұқпалы аурулардың қоздырғышы болса, су олардың таралу көзі бола алады және эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті болуы мүмкін. Су арқылы тырысқақ, іш сүзегі, паратиф B, дизентерия, туляремия, лептоспироз сияқты аурулар жұғады. Аз, бірақ соған қарамастан, манызды су жолдарымен жұғатын бруцеллез, А және Е гепатиттері, полиомиелит аурулар. Көптеген жұқпалы аурулар түлғанып көрінеді, олар үшін су арқылы жұғу өзектілі оларға тікелей ластанған су ішу арқылы болатын аурулар жатады. Су арқылы жұғатын инфекция тобынына шомылуға арналған су арқылы, қолды жууға немесе суару үшін қолданатын, техникалық мақсаттарда пайдаланатын су арқылы адам ағзасына түсетін инфекциялар жатады. Бұл аурудың себебі вирустар мен бактериялар болуы мүмкін, сонымен қатар су арқылы паразиттік патологиялар да, оның ішінде педикулоз жұғуы және тері зақымдануы мүмкін.

    Ішуге және тамақ дайындау үшін тек таза суды ғана пайдалану қажет. Егер мұқият дезинфекция жүргізілсе, су арқылы жұғатын аурулардың санын барынша азайтуға болады. Дезинфекциялауды өткізген кезінде патогендік микробтар жойылады, осылайша микробтар адам ағзасына кіре алмайды және сумен жабдықтау жүйесінде көбие алмайды.

    Егер су қоймада су өңделмеген болса, онда халықтың жұқтыру қаупі бірнеше есе көбейеді. Суды залалсыздандыру ең қарапайым қолжетімді, ыңғайлы және сенімді тәсілі суды 5-10 минут қайнату.

    Жеке гигиеналық іс-әрекеттер бойынша ерекше ескерту керек: ішуге және тамақ дайындауға, ыдыс-аяқтарды жууға, гигиеналық процедураларға және т.б. тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану қажет. Гигиеналық ережелер қарапайым, бірақ тиімді. Оларды сақтау ішек инфекцияларынан сақталуына көмектеседі және олардың таралуына жол бермейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Железин ауданының әкімдігі" жаңалықтары