Мен өмірді сүйемін атты концерттік іс шара өтті!

    Байкент ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлау, қоғамдағы белсенділігін арттыру және мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу.

    Мерекелік концерт барысында әсем әндер шырқалып, әсерлі өнер көрсетілімдері ұсынылды. Қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

    Әрбір жан қамқорлық пен құрметке лайық! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар