Биологиялық белсенді қоспалар - бұл тұрақты тұтыну арқылы денсаулықты жақсартатын, құрамында адамның рационың байыту үшін табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен бірдей заттардың компоненттері бар тағамдарға арналған қоспалар. Биологиялық белсенді қоспалар денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолданылады, бірақ олар дәрі емес және емдік қасиеттері жоқ. Интернет көздерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы жиі кездеседі, бірақ егер қаптамасында дұрыс емес немесе толық емес ақпарат болса, ол адамдарды жаңылыстыруы мүмкін.
Мұндай қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптар 27.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-160/2020 биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру ережелерімен реттеледі. Осы талаптарға сәйкес жарнама сипаттамалары, құрамы, тұтынушылық қасиеттері, бағасы (құны), қолданудың болжамды нәтижелері, сынау және зерттеу нәтижелері бойынша тұтынушыларды жаңылыстырмауы тиіс. Жарнамада ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға жол берілмейді.
Биологиялық белсенді қоспаларды жарнама арқылы сатып алған жағдайда, келесі жағдайларға назар аударылуы қажет:
- сауда атауының болуы;
- атауы;
- өндірушінің және Қазақстан Республикасында өндірушінің шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның мекенжайы;
- құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтер;
- қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстар;
- қолдану тәсілі және дозалары;
- негізгі жанама әсерлер мен қарсы көрсеткіштер;
- жүкті әйелдердің,сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;
- өнімді босату шарттары.
Бұдан басқа, міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні көрсетіледі, ол өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетінін, биологиялық белсенді қоспа болып табылатынын және қажетті қасиеттерге ие екенін көрсетеді.
Биологиялық белсенді қоспалар
Ұқсас материалдар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Абай облысында жазушы Роллан Сейсенбаевқа құрмет көрсетілді
Абай облысының әкімдігіАшу
Қазақстан Елшісі ЕҚЫҰ-ның Прагадағы Құжаттама орталығына барды
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Президент: Әзербайжан мен Арменияның бітімі Шығыс пен Батысты жақындастырады
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Железин ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Су қауіпсіздігі туралы
Железин ауданының әкімдігіАшу
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
Железин ауданының әкімдігіАшу
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Железин ауданының әкімдігіАшу
Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі?
Железин ауданының әкімдігіАшу
Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі?
Железин ауданының әкімдігіАшу