Ақтөбедегі Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда жаңа ұшу-қону жолағы салынып, жолаушылар терминалы жаңғыртылады

    1 / 5

    Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда жаңа ұшу-қону жолағын салу және жолаушылар терминалын реконструкциялау жоспарланып отыр. Жұмыстар Қазақстанның әуежайларын 2029 жылға дейін дамытуға арналған үш жылдық бағдарлама аясында жүзеге асырылады.

    Жаңғырту жұмыстары әуежайдың өткізу қабілетін арттырып, әуе қатынасын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Жобалардың іске асырылу барысы Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Оған барлық өңір әкімдіктері мен әуежай өкілдері қатысты.

    Жиында ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, жолаушылар терминалдарын жаңғырту, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, қаржыландыру көздерін айқындау және белгіленген мерзімдердің сақталуы мәселелері талқыланды.

    Айта кетейік, көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілген.

    Жалпы, еліміздегі жеті әуежайдың ұшу-қону жолақтары жаңғыртылады. Ақтөбеден бөлек, Астана мен Шымкент қалаларында жаңа ұшу-қону жолақтары салынады. Алматы, Жезқазған, Тараз және Орал қалаларындағы қолданыстағы жолақтар реконструкцияланады.

    Сонымен қатар, Ақтөбе әуежайынан бөлек, тағы алты әуежайда — Атырау, Өскемен, Жезқазған, Семей, Павлодар және Үржар елді мекендерінде жолаушылар терминалдарын салу және қайта жаңғырту көзделген.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары