Қарғалы ауданында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту нәтижесінде 19 азамат тұрақты жұмысқа орналасты

    1 / 4

    Қарғалы ауданында жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту және тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Басты назар – сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту арқылы тұрғындардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

    Осы бағыттағы нәтижелі бастамалардың бірі – жеке кәсіпкер «Прогресс» басшысы Айсәуле Умарғалиеваның ұйымдастыруымен өткізілген қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары. Атап айтқанда, хореография мамандығы бойынша ұйымдастырылған оқуға Қарғалы ауданының 10 жұмыссыз азаматы қатысып, курсты сәтті аяқтады. Нәтижесінде олардың барлығы тұрақты жұмысқа орналасты. Бүгінде түлектердің бірқатары алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолданып, балаларға хореографиядан сабақ беріп жүр.

    Сонымен қатар, «Прогресс» жеке кәсіпкерлігі алдағы уақытта жасанды интеллект (ЖИ) және цифрландыру бағыттары бойынша жаңа оқыту курстарын ашуды жоспарлап отыр. Бұл бастама аудан тұрғындарының заманауи технологияларды меңгеруіне, цифрлық сауаттылығын арттыруына және жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.

    2026 жылы Қарғалы ауданында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауылдық округтердегі жұмыс берушілерден келіп түскен сұраныстар негізінде 19 азамат үш мамандық бойынша – хореограф, қазандық операторы және кондитер мамандықтары бойынша білім алды. Қазіргі уақытта олардың барлығы оқуын сәтті аяқтады.

    Аталған жұмыстар мемлекеттік жұмыспен қамту шараларының нақты нәтижесін көрсетеді. Өйткені кәсіптік оқытудың басты мақсаты – азаматтарға жаңа мамандық үйретумен ғана шектелмей, алған білімін еңбек қызметінде қолдануға мүмкіндік жасау және тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары