
«БАЛА ӘЛЕМІ: ТҮСІНУ, ҚОЛДАУ, ҚОРҒАУ»
Абай ауданында «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ хаты негізінде 2026 жылғы 10–18 қыркүйек аралығында отбасы күніне орай және 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының басымдықтарын іске асыру шеңберінде білім беру ұйымдарында ата-аналар мен педагогтерге арналған облыстық сессия өткізілді.
🎯 Сессияның мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ана мен педагогтің рөлін арттыру, балаға қолдау көрсету, оның құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелеріне назар аудару.
Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы, балалардың эмоционалдық әл-ауқаты, психологиялық қолдау көрсету және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
🤝 Балаға түсіністікпен қарау, оны қолдау және қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!









