дәріс өткізілді

    дәріс өткізілді

    2026 жылғы 17 қыркүйекте «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Әділет департаменті Интеллектуалдық меншік құқығы бөлімінің бас маманы Аслан Нұрғазин Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы Айдана Жақашевамен бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері үшін дәріс өткізді.
    Дәрістің негізгі тақырыбы Конституция мен мемлекеттік қызметтің басты аспектілері болды. Сондай-ақ авторлық құқық пен интеллектуалдық меншікті қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Дәріс қорытындысы бойынша сындарлы сұхбат өтіп, оның барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
    Мұндай іс-шаралар жастарға өз құқықтары мен міндеттерін жақсырақ білуге, заңнама талаптарын түсінуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін білуге септігін тигізеді.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары