ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

    2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап Ернұр Кемелұлы Тассай ауылдық округінің әкімі қызметіне кірісті.

    Ернұр Кемелұлы 1997 жылғы 30 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

    2018 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2019 жылы Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінде бастаған.

    Әр жылдары Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында бас маман қызметтерін атқарған.

    2023 жылғы қазан – 2026 жылғы 13 қыркүйек – Абай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман.

    2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап – Тассай ауылдық округінің әкімі.

    Ернұр Кемелұлына жаңа қызметінде сәттілік пен толағай табыс тілейміз! Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстары жемісті болып, ел игілігі жолындағы еңбегі нәтижелі болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары