Бөртпе сүзектің алдын алу

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Бөртпе сүзектің алдын алу

    Бөртпе сүзек – дене қызуының айқын көтерілуімен және ағзаның уыттануымен (интоксикация), қан тамырлары мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.Қазіргі уақытта дамыған елдерде бөртпе сүзек іс жүзінде кездеспейді. Ауру жағдайлары негізінен Азия және Африка елдерінде тіркеледі.

    Аурушаңдықтың эпидемиялық өршуі, әдетте, әлеуметтік күйзелістер мен төтенше жағдайлар (соғыстар, табиғи апаттар және т.б.) кезінде, халық арасында биттеудің жаппай таралуы байқалғанда орын алады. Бөртпе сүзектің қоздырғышының негізгі резервуары және инфекция көзі – ауру адам. Инфекция негізінен киім биттері, сирек жағдайда бас биттері арқылы трансмиссивті жолмен беріледі. Бит ауру адамның қанын сорғаннан кейін 5–7 күннен соң жұқпалы болады. Адамның жұқтыруы теріні қасу кезінде жүзеге асады.Аурумен ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Аурудың маусымдық ерекшелігі байқалады: сырқаттанушылық көбіне қыс-көктем мезгілінде жоғарылап, қаңтар–наурыз айларында шарықтау шегіне жетеді.Аурудың инкубациялық кезеңі 6-дан 25 күнге дейін созылуы мүмкін.

    Бөртпе сүзектің бастапқы кезеңінде дене қызуы жоғары деңгейге дейін көтеріліп, бас ауыруы, бұлшықеттердің сырқырауы және ағзаның уыттану белгілері байқалады. Кейіннен қызба тұрақты сипат алып, дене температурасы 39–40 °С деңгейінде сақталады. Аурудың 4–5-күнінде дене қызуы қысқа уақытқа төмендеуі мүмкін, алайда науқастың жалпы жағдайы жақсармайды. Кейін қызба қайтадан көтеріледі.Уыттану белгілері күшейіп, бас ауыруы, бас айналу, ұйқысыздық артады, кейде құсу байқалады. Қарап тексеру кезінде бет пен мойын терісінің, сондай-ақ көз айналасының қызарып, ісінгені байқалады. Аурудың асқынулары болуы мүмкін.Бөртпе сүзекке күдік туған жағдайда науқас медициналық ұйымға госпитализациялануға жатады. Оған дене қызуы қалыпқа келгенге дейін және қалыпқа келгеннен кейін тағы 5 күн бойы төсек режимі тағайындалады. Емдеу антибиотиктермен жүргізіледі.

    Бөртпе сүзектің алдын алу шараларына педикулезбен (биттеумен) күресу, инфекцияның таралу ошақтарында санитариялық өңдеу жүргізу, соның ішінде науқастың тұрғын үйі мен жеке заттарын мұқият дезинсекциялау жатады.Арнайы профилактика науқастармен байланыста болған, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз аймақтарда тұратын адамдарға жүргізіледі. Ол қоздырғышқа қарсы өлтірілген және тірі вакциналарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.Жұқтыру ықтималдығы жоғары болған жағдайда тетрациклиндер тобының антибиотиктерімен 10 күн бойы шұғыл профилактика жүргізілуі мүмкін.

    Ибентаева Б.Т. – департаменттің бас маманы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары